Балқаштың демалыс орындарына апаратын жолдары жөнделуде

Балқаштың демалыс орындарына апаратын жолдары жөнделуде

Балқаштың демалыс орындарына апаратын жолдары жөнделуде
ашық дереккөзі
Биылғы жазда Қарағанды облысының Балқаш қаласында туристерге жайлы жағдай жасау үшін жолдардың ең проблемалық учаскелерін жөндеу жоспарланған. Шұбар-Түбек кентінде, «Балдәурен» профилакториясына кіреберісте, Бертіс шығанағындағы демалыс аймақтарына апаратын учаске және Балқашқа кіреберістегі көпірде 24 шақырым асфальт жаңартылды. «Біздің ұйым 1998 жылдан бері жұмыс істейді. 23 маусымда Торанғалық кентіндегі жолдарды орташа жөндеуден өткіздік. Қазір республикалық трассадан 7 шақырым болатын негізгі жолды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. 30 шілдеде аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз», – деді мердігер ұйымның директоры Маратхан Жұмалиев. Ауылға кіреберісті Абай орталық көшесі жалғастырып жатыр, онда да жаңа жабын үшін негіз дайындалды. Жағалау көшесіне де жақсы асфальт төселеді. Кентте барлығы 1,3 шақырым жол жабыны ауыстырылады.