Қырғыз-өзбек қақтығысы шекарадағы суға таластан басталған

Қырғыз-өзбек қақтығысы шекарадағы суға таластан басталған

Қырғыз-өзбек қақтығысы шекарадағы суға таластан басталған
ашық дереккөзі
31 мамырда Қырғызстанның Баткен облысында Өзбекстанмен шекаралас аумақта 10 адам арасында қақтығыс болды. Қырғызстанның Чечме ауылы мен Өзбекстанның Чашма ауылы тұрғындарының арасында дау шықты, ­– деп хабарлайды АКИpress. Басылымның мәліметінше, бұл қақтығысқа екі ауыл тұрғындары Чечме ауылындағы су көзі себеп болған. Тараптардың бірі су көзі өздеріне тиесілі екенін айтып, нәтижесінде дау шығып, қақтығысқа ұласқан. Оқиға орнына жергілікті билік өкілдері келіп, қақтығысты тоқтату үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізген.
Дереккөз мәліметінше, ауыл тұрғындары бір-біріне тас лақтырған. Алдын ала мәлімет бойынша, жарақат алғандар бар. Қырғызстанның вице-премьері Акрам Мадумаров қырғызстандықтар мен өзбекстандықтар арасында қақтығыс болғанын растады. Tengrinews.kz-тің жазуынша, Акрам Мадумаров: «Жыл сайын екі ауылдың тұрғындары су көзін тазарту жұмыстарын жүргізеді. Бұл жолы белгісіз себептермен олардың арасында дау шығып, бір-біріне тас лақтырған. Жергілікті биліктегілер олармен сөйлесіп жатыр. Бұл су көзін екі ауыл қолданғандықтан мұндай дау жиі болып тұрады. Жағдайдың ушығуына жол бермейміз», ­– деп ресми мәлімет берген.
Оқиға орнына барған «Азаттық» тілшісінің мәліметінше, сағат 19:30-да тұрғындар әлі де бір-біріне тас лақтырған. Жедел жәрдем көлігі зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсеткен.
Дереккөздің мәліметінше, сағат 22:00-де ғана екі тарап келісімге келе алған. Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері шекарада болған қақтығыстан 15 адамның зардап шеккенін хабарлады. Өзбекстанда тұратын тәжік журналисі Мирасрор Фаргони «Ахбор» басылымына берген сұхбатында Сох ауданының орталық ауруханасына 146 адам жеткізілген.