31 Мамыр, 12:30 1053 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

АҚШ қалаларына коменданттық сағат енгізіледі

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

АҚШ-тың Миннесота штатының губернаторы афроамерикалық Джордж Флойдтың өлімінен кейін АҚШ қалаларында басталған қарсылық шараларының енді қара нәсілдінің өліміне қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Оны сырттан келген радикалдар әдейі ұйымдастырып жатыр. АҚШ қалаларында коменданттық сағат енгізілді, – жазды ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

Әуелі Миннеаполис штатының ірі қаласында, содан кейін Вашингтонда, Атлантада, Нью-Йоркта және елдің басқа да ірі қалаларында қарсылық шарасына қатысушылар мен полицейлер арасында қақтығыс болды. Флойдтың мойнына тізесін қойып, тұншықтырған бұрынғы полицей қамауға алынды. 44 жастағы Дерек Шовинге кісі өлтірді деген айып тағылып отыр. Тағы да үш полицейге қатысты тергеу жалғасуда. Қарсылық танытушылар оларды сотқа беруді талап етіп жатыр.

Осыған дейін АҚШ-тың Миннеаполис қаласында қарусыз афроамерикалық азамат полицейлердің қолынан қаза тауып, кейін АҚШ қалаларында қарсылық шарасы өтіп, оған қатысушылардың полицейлермен қақтығысқандығы туралы айтылды.

Соңғы жаңалықтар