Соңғы тәулікте әлемде 32 мың адам коронавирус жұқтырған

Соңғы тәулікте әлемде 32 мың адам коронавирус жұқтырған

Соңғы тәулікте әлемде 32 мың адам коронавирус жұқтырған
ашық дереккөзі
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша соңғы тәулікте әлемде 32 мың адам коронавирус жұқтырған. Дүниежүзінде науқастардың жалпы саны 266 мыңға жетті. 11 мыңнан астам адам осы дерттен көз жұмды. Италияда коронавирустан қайтыс болғандар саны еселене түсті. Соңғы тәулікте дерттен 793 адам көз жұмып, кесел құрбандарының жалпы саны 4825-ке жетті. Індет жұқтырғандардың қатары өсіп барады. Жергілікті билік вирустың таралмауы үшін елдегі аса қажетті емес барлық өндіріс орындарын жауып тастады. Тек азық-түлік сататын дүкендер мен дәріханалар, сонымен қатар қоғамдық көлік пен банктер жұмысын жалғастыратын болады. Аймаққа өзге елдерден медициналық көмек жеткізілуде. Францияда да дерттің таралу ауқымы артып барады. Елде 12612 адам коронавирус жұқтырып, 450 науқас көз жұмды. Елдің денсаулық сақтау министрі шел мемлекеттерге 250 млн маскаға тапсырыс берді.