Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі қауіпті көкөністер Шымкент қаласынан табылғанын айтты.
Министрлік өкілдері Шымкент қалалық аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторлары Иран Ислам Республикасынан келген қиярдың үлкен партиясынан қауіпті зиянкестердің бірі – «Батыс гүлді трипс» вирустық зиянкесін анықтады.
Өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалардың талаптарына сәйкес, бұл өнімдерді Қазақстан Республикасы аумағына тасымалдауға тыйым салынды. 62 тоннаға жуық қауіпті қияр тәркіленіп, дереу жойылды.