Олимпиада алауы Жапонияға табыс етілді

Олимпиада алауы Жапонияға табыс етілді

Олимпиада алауы Жапонияға табыс етілді
ашық дереккөзі
Грекия Олимпиада алауын Жапонияға табыс етті. Салтанатты рәсім Афинадағы стадионда өтті, – деп жазды Olympic.kz. Әлемде коронавирустың қарқын алуына байланысты алауды табыстау рәсімі көрерменсіз өтті. Алау эстафетасында Олимпиада чемпиондары Катерина Стефаниди мен Лефтерис Петрунис қатысқан. Өкінішке қарай, алауды қабылдау рәсіміне жапониялық спортшылар келе алған жоқ. Олар видеохабарлама жіберді. Ұйымдастырушылар театрландырылған қойылымды да көрсеткен жоқ. Ресми дерек бойынша, Грекия Олимпиада комитетінің президенті мен ХОК мүшесі Спирос Капралос алауды Токио-2020 ұйымдастыру комитетінің жетекшісі Наоко Имотоға ұсынған. Енді Олимпиада алауы Токионы шарлайды.