Nur Otan партиясы праймериз өткізуді кейінге шегерді

Nur Otan партиясы праймериз өткізуді кейінге шегерді

Nur Otan партиясы праймериз өткізуді кейінге шегерді
ашық дереккөзі
Nur Otan партиясы праймериз өткізуді 2020 жылдың 15 сәуірі мен 30 мамыры аралығына шегерді. Партияішілік іріктеу өткізуге онлайн-технологиялардың мүмкіндігін қолдану шаралары қаралуда. «Нұр-сұлтан және Алматы қалаларына карантин енгізілуіне байланысты партияішілік іріктеу – праймериз өткізуді 2020 жылдың 15 сәуірі мен 30 мамыры аралығына шегеру туралы шешім қабылданды. Орталық аппарат праймериз өткізу ісіне онлайн-технологиялардың мүмкіндігін қолдану шараларын қарастыруда. Партияның саяси кеңесінің отырыс болмайтын болғандықтан, праймериз өткізу тәртібін бекіту жұмысына дауыс беру сырттай жүргізілмек», – деді Nur Otan партиясының баспасөз-хатшысы Тимур Базарбаев sputniknews.kz сайтына берген жауабында. Еске сала кетейік, бұған дейін Nur Otan праймериз өткізуді 2020 жылдың 30 наурызы мен 16 мамырына жоспарлаған болатын.