Денсаулық сақтау министрі той-томалаққа бармауға кеңес берді

Денсаулық сақтау министрі той-томалаққа бармауға кеңес берді

Денсаулық сақтау министрі той-томалаққа бармауға кеңес берді
ашық дереккөзі
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус қаупіне байланысты халыққа кеңес берді. ҚазАқпарат мәліметінше, ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Елжан Біртанов: «Қазақстандықтарға айтатын кеңесіміз, қазір көп халық қатысатын шараларды тоқтату керек, мысалы той-томалақ немесе басқа да шараларға қатыспаған жөн. Мектеп бойынша шешім қабылданды. Ал балабақша бойынша қазіргі уақытта біз ондай шешім қабылдаған жоқпыз. Ата-аналар өздері шешуі мүмкін. Кейбір ата-ана жұмысқа барғаннан кейін баланы бір жерге қалдыру керек. Қазір балабақшаларды жабу бойынша әлі шешім қабылданған жоқ. Мүмкін жағдай нашар болса тиісті шараларды қабылдаймыз. Ал өңір әкімдіктерінде өздігімен шешім қабылдау құқығы бар», – деді. Еске сала кетсек бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанның екі азаматынан коронавирус инфекциясы табылғанын мәлім еткен еді.