Сауда қоймаларында азық-түлік өнімдері жеткілікті – Алматы әкімдігі

Сауда қоймаларында азық-түлік өнімдері жеткілікті – Алматы әкімдігі

Сауда қоймаларында азық-түлік өнімдері жеткілікті – Алматы әкімдігі
ашық дереккөзі
Алматы қаласының әкімдігі қала тұрғындарын даурықпауға және азық-түлік өнімдерін жаппай сатып алмауға шақырды, – деп жазды ҚазАқпарат. «Кеше гипермаркеттерде, ірі сауда нүктелерінде адамдар азық-түлікті жаппай сатып алып жатты. Олай жасаудың қажеті жоқ. Тұрғындар осындай әрекеттерімен бағаның өсуіне өздері жол береді. Бұл нарықтағы қалыпты жағдай. Сұраныстың өскенін байқаған жеткізушілер осы сәтті пайдаланып қосымша ақша табуға тырысады. Әрине, біз өз тарапымыздан алдын алу шараларын қолдандық, барлығымен сөйлестік. Біз бұл процесті барынша сақтаймыз, бірақ нарықтың аты нарық. Мысалы, қанттың бағасы айтарлықтай өсті», – дейді Алматы қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқарма басшысы Еркебұлан Оразалин. Сондай-ақ, ол тауарлардың басым бөлігі отандық өнім екенін атап өтті. «Дүкен сөрелеріндегі азық-түлік азаймайды. Біз барлығымен үнемі байланыста боламыз. Сауда орындарының қоймаларында тауар жеткілікті. Сондықтан бір жылға тамақ алудың қажеті жоқ», – деді ол. Спикердің айтуынша, егер қалада карантин жарияланса, әлемдік тәжіртбеге сүйенеді. Яғни вирусқа қарамастан азық-түлік дүкендері жабылмайды. Олар қалыпты режімде жұмыс істейтін болады. Халық осыны түсінуі керек. «Азық-түлік бағасына күнделікті мониторинг жүргізіліп отырады. Басқа елден келетін тауарлар теміржол арқылы жеткізіледі. Жалпы, қаладағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің жылдық тұтынуы 860 мың тоннаны құрайды», – деп қортындылады Еркебұлан Оразалин.