Сәрсенбі, 30 Қараша, 2022

"Қызымды соққыға жықты": Алматы тұрғыны белсенді Закированың үстінен шағымданды

Алматы тұрғыны Тамара Шакирова қоғам белсендісі Санавар Закированың үстінен шағым түсірді. Шағымданушының айтуынша, Закирова оның қызына шабуыл жасаған.

 «8 наурызда біздің үйде сұмдық жағдай болды. Ол кезде мен үйде емес едім. Қызым жалғыз өзі болған. Қызымды далаға шығарып алып, Закирова мені әбден балағаттапты. Қызым оны тоқтатпақ болғанда басынан ұялы телефонмен ұрып, жерге құлатып, басын мұзға бірнеше рет соққан. Соққыдан есін жоғалтқан. Полиция келгенде ол тіпті, өз қолымен арыз да жаза алмады. Ал, кешке жағдайы күрт нашарлап, жедел жәрдем шақыруға тура келді. Қазір ол ауруханада», – деп жазды Т.Шакирова өзінің Facebook-парақшасында.

Жәбірленушінің анасы халықтың алдында белсенді боп жүрген осындай азаматтардың шын мәнінде адамдарға залалын тигізуі мүмкін екенін ескертті.

Еске сала кетейік, 2019 жылы күзде «Nur Otan» партиясы мен оның төрт мүшесі (Тамара Шакирова, Разия Бахибекова, Ержан Медеуов, Дидар Аккулов) белсенділер Санавар Закирова, Альнур Ильяшев және Марат Тұрымбетовтің үстінен сотқа арыз түсірген. Сот белсенділердің әрбіріне 1,5 млн теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелген.

 

 

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button