Бауыржан Байбек қыз-келіншектерді мерекемен құттықтады

Бауыржан Байбек қыз-келіншектерді мерекемен құттықтады

Бауыржан Байбек қыз-келіншектерді мерекемен құттықтады
ашық дереккөзі

Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қыз-келіншектерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, Instagram парақшасында ақжарма тілегін жариялады. 

"Ардақты аналар, аяулы арулар! Сіздерді көктем жаршысындай болған шұғылалы мереке – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тал бойларыңызға әсемдік пен әдемілікті, ізгілік пен жылылықты, мейірім мен махаббатты, ақыл мен парасатты тоғыстырып, төңіректеріңізді таңғажайып арайға бөлеп жүрген Сіздер қандай құрметке болсын лайықсыздар. Асыл жар, абзал ана ретінде әрдайым барша берекенің бастауы, бірліктің ұйытқысы, тыныштықтың шырақшысы болып келесіздер. Отбасымен қатар Отанымыздың да гүлденуіне өз үлестерін қосып, ерен еңбегімен, ерекше дарынымен ел құрметіне ие болған әйел азаматтарымыз да жеткілікті. Қашанда қызылды-жасылды көктемдей құлпырып, жарқыраған жарық дүниенің қызық-қуанышы мен барша игіліктеріне бөлене беріңіздер. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық және бақ-берекеге толы ұзақ өмір тілеймін", – деп жазды Бауыржан Байбек.