Азық-түлік бағасы қымбаттады

Азық-түлік бағасы қымбаттады

Азық-түлік бағасы қымбаттады
ашық дереккөзі
Павлодар облысында ақпан айында азық-түлік бағасы 0,8 пайызға қымбаттаған. Азық-түлік емес тауарлар бойынша бензин – 1,4 пайызға, фармацевтикалық өнімдер бағасы 1,2 пайызға көтерілді, – деп жазды pavlodarnews.kz. Павлодар облысы статистика департаментінің мәліметінше, аймақта 2020 жылғы ақпандағы тұтыну бағаларының индексі – 100,8%. Азық-түлік тауарларына – 0,8%-ға, азық-түлік емес тауарларға – 0,4%-ға, ақылы қызметтерге 1,1%-ға баға өсуі байқалды. Ақылы қызметтер бойынша ыстық су жабдықтау мен орталықтан 10%-дан тарифтер өсуі тіркелді. Азық-түлік тауарлары бойынша жармаға – 3%-ға, жемістер мен көкөністерге – 2,8%-ға, сары майға – 2,3%-ға, шайға – 2,2%-ға, макарон өнімдеріге – 1,3%-ға баға өсуі байқалды. Азық-түлік емес тауарлары бойынша бензин – 1,4%-ға, фармацевтикалық өнімдері бағасы 1,2%-ға жоғарылады.