Қытайда коронавирус құрбандарының саны 2943-ке жетті

Қытайда коронавирус құрбандарының саны 2943-ке жетті

Қытайда коронавирус құрбандарының саны 2943-ке жетті
ашық дереккөзі
Соңғы тәулікте Қытайда коронавирустан көз жұмғандар қатары 31 адамға артып, дерт құрбандарының жалпы саны 2943-ке жетті. Бұл туралы Қытайдың Денсаулық сақтау және гигиена мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеті хабарлады. CoViD-19 атауын алған коронавирус инфекциясы елде желтоқсанның соңында тіркелген болатын. Содан бері Қытайда вирусты 80 151 адам жұқтырған. Олардың 47 204-і аурудан айықты. Өткен тәулікте 2,8 мың адам ауруханадан шығарылған. Ауруға шалдыққандардың басым бөлігі –  дерт ошағы Хубэй провинциясының тұрғындары. Онда 67 мыңнан астам адам вирус жұқтырған. Айта кетейік, бұған дейін Ресей ғалымдарын вирустың жылуға төзімсіз екенін хабарлаған. Олардың пікірінше, көктемнің келуі коронавирустың жаңа түрін жұқтыру қаупін төмендетеді.