Сәрсенбі, 30 Қараша, 2022

Мемлекет басшысы Абайдың әнін орындаған "Барыс" капитанына алғыс айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Барыс» клубын Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы жеңісімен құттықтады. 

Президент өз құттықтауын Instagram желісіндегі парақшасына жазды.

«Барыс» клубын ҚХЛ-дың плей-офф кезеңіндегі алғашқы жеңісімен құттықтаймын. Әсіресе, матч барысында Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындаған команда капитаны Даррен Дицқа ерекше алғыс айтқым келеді. Жарайсың, Дәурен! Бұл жеңіс «Барыс» клубын жаңа жетістіктерге жетелесін», – деді ол.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button