26 Ақпан, 17:02 522 0 Экономика Анар ЛЕПЕСОВА

Несиені қай қала тұрғындары көп алады?

Ел тұрғындары қаңтар айында 346 млрд теңге несие алған. Оның 320 млрд теңгесі ұзақ мерзімді несие болса,  25 млрд теңгесі қысқа мерзімге арналған. Бұл туралы ұлттық банк сайтында хабарланды. 

Биылғы тұтынушылық несиенің 131 млрд теңгесі Алматыда, 30 млрд теңгесі Нұр-Сұлтанда, 24 млрд теңгесі Шымкентте, 20 млрд теңге Қарағанды облысында берілген.

Бір айта кетерлігі, шетел валютасы түрінде берілген қысқа мерзімді тұтынушылық несиелер тек Алматыға тиесілі екен. Қала тұрғындары  472 миллион теңге несиені шетел валютасымен алған.

Сондай-ақ, Алматы облысының азаматтары 17 миллион теңгеге, Солтүстік Қазақстан облысы 15 миллион теңге және Ақмола облысының тұрғындары 11 миллион теңге өзге валютамен несие рәсімдеген.

Соңғы жаңалықтар