Прокуратура Ерасылдың өліміне қатысты түсінік берді

Прокуратура Ерасылдың өліміне қатысты түсінік берді

Прокуратура Ерасылдың өліміне қатысты түсінік берді
ашық дереккөзі

Астана қалалық прокуратурасы Астана Медицина университетінің 23 жастағы студенті Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты түсінік берді. Құқыққорғаушылар студентті өлтірді деген күдікпен ұсталғандардың прокуратурада жұмыс істейтіні туралы деректі жоққа шығарды. "Кейбір ақпарат құралдары Астанада студент Ерасыл Әубәкіровтің денесінің табылғаны туралы ақпарат таратты. Сонымен қатар, күдіктілердің бірінің прокуратураның бұрынғы қызметкері екені хабарланды. Осыған байланысты қалалық прокуратура ұсталған 1994 жылғы Нұрбек Әжімбайдың 2015 жылдың 29 шілдесінен 31 желтоқсанына дейін халықты жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша Сарыарқа аудандық прокуратурасында техникалық жұмыстар (құжаттарды тігу) жасағанын мәлімдейді. Жалақыны жұмыспен қамту орталығы төледі", – делінген прокуратура хабарламасында. Медицина Университетінің алтыншы курс студенті, болашығынан үлкен үміт күттірген дарынды жігіт Ерасыл Әубәкіров 3 ақпанда жоғалып кеткен болатын. Жас жігіттің жоғалып кеткені туралы ақпаратты әлеуметтік желілерге досы Диас жариялады. Студентті іздеу жұмыстары бірнеше күнге созылып, оған тәртіп сақшыларымен бірге қалалық еріктілер де қатысқан еді. Ерасылдың өлі денесі 10 ақпанда табылды. Қазір студенттің өліміне кінәлі деген күдікпен ұсталған қаладағы ІІД уақытша ұстау изоляторында отыр