Әкімнің қабылдауына енді электронды кезекпен жазыла аласыз

Әкімнің қабылдауына енді электронды кезекпен жазыла аласыз

Әкімнің қабылдауына енді электронды кезекпен жазыла аласыз
ашық дереккөзі
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевпен кездесу кезінде мүмкіндігі шектеулі азамат әкімнің қабылдауына кіре алмай жүргенін айтып шағымданды, – деп жазды ҚазАқпарат. «Ылғи осындай кездесулерде адамдар кіре алмай жатқанын айтып жиі шағымданады. Шынымдай айтсам, кезек қалай жылжитынын білмейді екенмін. Бұл мені алаңдатады, бәріңізді қабылдап тыңдауға әзірмін. Осы орайда Цифрландыру басқармасына тапсырма бердім. Енді менің қабылдауыма кезек электронды жүйемен жүретін болады. Адамдар ХҚКО, банктердегідей кезегін электронды платформа арқылы, интернет арқылы бақылап отырады», – деді әкім. Қала басшысы әкімдік аппаратына мүмкіндігі шектеулі азаматты жеке қабылдауға жазуын тапсырды. Сонымен қатар, оның айтуынша, халықтың сауалдары оңтайлы шешімін табу үшін I-azamat платформасы құрылады. Тұрғындардың жеке ауласына қатысты ірілі-ұсақты сауалдарын тыңдап болған соң әкім қалада арнайы талқылау платформасы керектігін айтты. «Тұрғындардың ірілі-ұсақты сауалдары ортақ мәмілеге келу үшін талқылауды қажет етеді. Осы мақсатта қалада I-azamat платформасы құрылады. Кейбір ұсақ сауалдардың өзі егер жүйе ашық болмаса, ақпарат қолжетімді болмаса үлкен сауалға айналады. Сол үшін осы платформа ашылады. Онда дауыс беру жүйесі, талқылау жүйесі болады», – деді әкім.