Жамбыл облысында прокурорлар агроөнеркәсіптік кешені саласындағы ақша жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сарысу ауданында шаруа қожалықтарын сумен қамтуға арналған 38,1 млн теңге субсидия қаражаты ұрланған.
Жамбыл облысы әкімдігінің Ауыл шаруашылығы басқармасы субсидияланған аудандағы 8 шаруашылықта бұрғыланған құдықтардың тереңдігі жобалық-сметалық құжаттамада көрсетілген параметрлерге сәйкес келмейтінін анықтады.
2025 жылғы 30 сәуірде аталған дерек бойынша ҚК 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағына сәйкес (аса ірі көлемдегі алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Тергеу Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.