18 Ақпан, 12:10 328 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Аралас жекпе-жектен жыл үздіктері анықталды

Алматы қаласында Қазақстандық ММА аралас жекпе-жек біріккен федерациясының ұйымдастыруымен еліміздегі ММА аралас жекпе-жек спортының дамуына арналған баспасөз конференциясы өтті.

Баспасөз мәслихатында федерация өкілдері ресейлік М-1 Global ұжымының ұйымдастыруымен өткен байқауда үздік деп танылған спортшылар мен жаттықтырушыларды құттықтады.

2019 жылдың 19 желтоқсанынан бастап М-1 Глобал ұжымы өз сайттарында «Жыл спортшысы», «Жыл серпілісі», «Үздік жекпе-жек», «Жыл сабмишні», «Жыл жаттықтырушысы», «Жыл нокауты» сынды номинациялар арқылы жылдың үздіктерін таңдауды бастаған болатын.

Онлайн байқау қорытындысы бойынша жерлестеріміз ең жеңіл салмақтағы М-1 Global лигасының уақытша чемпионы Асу Алмабаев «Жыл серпілісі 2019» номинациясының жеңімпазы атанса, жеңіл салмақтағы М-1 Global лигасының чемпионы Сергей Морозов «Жыл спортшысы-2019» номинациясында үздік деп танылды. Ал ҚР Ұлттық құрамасының бас бапкері Баян Маратұлы Жанғалов «2019 жыл жаттықтырушысы» номинациясын иеленді.

Бұдан бөлек, баспасөз мәслихатында ҚР ММА-дан ұлттық құрамасының биылғы жоспары және еліміздегі белгілі спорттық ұйым Arlan MMA Pro Team кәсіби жекпе-жек командасы мен «Қазақстандық ММА аралас жекпе-жек біріккен федерациясы» РҚБ-ның бірлескен мақсаттары талқыланды.

Іс-шараға «Қазақстандық ММА аралас жекпе-жек біріккен федерациясы» РҚБ бас директоры Валихан Тен, Arlan MMA Pro Team кәсіби жекпе-жек командасының директоры Төлеген Құмаров, Қазақстандық ММА спортындағы жетекші спортшылар мен жаттықтырушылар қатысты.

Соңғы жаңалықтар