14 Ақпан, 16:08 291 0 Руханият Анар ЛЕПЕСОВА

Сағынтаев: Тоқсан сайын 90 қаламгерге грант тапсырамыз

Алматы әкімдігі қаламгерлерге қолдауды арттырмақ. Бұл туралы алты тілге аударылған қазақ әдебиеті антологиясын таныстыруға арналған жиында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді. 

Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, мемлекет тарапынан қазақ әдебиетіне, шығармашыл зиялы қауым өкілдеріне қолдау көрсету жалғаса береді.

"Өткен жылы Жазушылар Одағының 85 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде өтті. Жергілікті бюджет есебінен 250 млн теңге қаражат бөлініп, Жазушылар Одағының ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Алматы қаласында тұратын 150 ақын-жазушылар 500 мың теңгелік ақшалай грант сертификаттарымен марапатталса, биылғы жылы Жазушылар одағының барлық мүшелерін грантпен толық қамту ойымызда бар. Биыл біз әр тоқсан сайын 90 ақын-жазушыға грант тапсыратын боламыз. Бұл тізімді бізге Жазушылар Одағының өзі ұсынып отырады", - деді Алматы қаласының әкімі.

Қала басшысының дерегінше, бүгінде Жазушылар Одағына 820 қаламгер мүше және оның 360-ы Алматы қаласының тұрғыны. 

Соңғы жаңалықтар