Сәрсенбі, 30 Қараша, 2022

Мемлекет басшысы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ведомстволардың және құқық қорғау органдарының басшыларының қатысуымен өткен жиында Жамбыл облысы Қордай ауданында болған оқиғаға байланысты алдын алу және ақпараттық жұмыстар жөніндегі мәселелер қарастырылды.

Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарына алдағы уақытта мұндай оқиғаларға жол бермеу үшін кешенді шаралар қабылдауды тапсырды. Қазақстан Президенті жалған ақпарат тарату және арандату сипатындағы кез келген әрекеттің жолын кесіп, ақпараттық кеңістіктегі жұмыстарды күшейтуді талап етті.

 

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button