13 Ақпан, 10:55 163 0 Нұр Отан Túrkistan Gazeti

Министр тұрғындармен жүздесті

Nur Otan партиясы Алматы облыстық филиа­лы­ның қоғамдық қабылдауында Қазақстанның Мә­дениет және спорт министрі Ақтоты Райым­құлова өңір тұрғындарымен кез­десті.

Қарапайым халықтың өтініш-тілегін тыңдап, шешімін күткен мә­селелерді мүмкіндігінше реттеп, жергілікті жердегі атқарушы ор­ган-дарға тиісті тапсырмалар бе­руге не­гіз­делген шарапатты ша­ра қазақ елінің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың партия саяси кеңесінде жүк­теген «Тұрғын­дар­мен кері бай­ла­ныс» орнатудың тиімділігін барынша арттыру жө­ніндегі тапсырмасы аясында ұйым­дастырылды. Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та «Халық үніне құ­лақ асатын мемлекет» тұ­жы­­рым­­дамасының маңызын ай­рық­ша атап өтіп, бұл бағыттағы жұ­­мыс­тарды барынша жетілдіруді жүк­теген болатын.

Елордада отырғанда екінің бі­рінің қолы жете бермейтін ми­нистрдің Талдықорғандағы қа­был­дауына біраз адам келді. Өз­дерін толғандыратын мәселелер мен шешімін күтіп, жауабын тап­пай жүрген сауалдарын көлде­нең тартып, ағынан жарылды.

Талдықорғандағы Бикен Римова атындағы драма театр ди­рек-торының орынбасары Ғалия Те­мербаева өткен жылы 45 жыл­ды­ғын атап өткен театрдың же­тіс­тіктері мен алдағы жоспары жай­лы айта келе, бір кездегі «Ха­лық әртісі» және «Қазақстанның ең­бек сіңірген әртісі» құрметті атақ­тарын қайта бе­кіту туралы мәселе қозғады. Қа­зір­гі кезде ғы­лым, мәдениет, өн­діріс, әлеуметтік және тағы басқа да саладағыларға «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы ғана беріледі. «Заманында театр, көркемөнер сынды рухани сала­дағы саңлақ­тар­ға беріліп келген құрметті атақ­тар қайтарылса дұрыс болар еді» деген ойын білдірді.

Қарасай ауданындағы Ша­мал­ған ауылының тұрғыны Серік Қа­лиев министрдің алдына жаңа ар­хеологиялық музей ашу мәселе­сін қойды:

– Жер ұйығы Жетісудың та­би­ғаты көркем екенін елдің бәрі бі­ле­ді. Сонымен бірге осынау шежі­релі өл­кенің тарихы да тым терең. Атақ­ты сақ қорғанының көбі осын­да ор­наласқан. Бүгінге дейін зерт­тел­гені еліміздің тарихына үл­кен үлес қосып, еліміз бен же­ріміз­дің өтке­нін әлемге паш етті. Бас­қаны айт­пай-ақ, дүниежүзіне даң­қы тараған «Алтын адамның» Жетісудан табыл­ғанын мақтан тұтсақ, артық етпейді. Қазіргі кезде облыста 26 музей жұмыс іс­тей­ді. Дегенмен аздық етіп отыр­ғаны рас. Сонымен бірге олар­дың зерт­теу, зерделеу мүмкіндігі шектеулі. Осы­ған орай, дербес ар­хео­ло­гия­лық музей ашып, арнайы ғы­лыми зерт­ханалар желісін құр­ған жөн, – деп өз ойын жеткізді туған өлке­сі­нің өткенін зерттеп, бо­лашақ ұрпақ­қа жеткізгісі келген азамат.

Эстрадалық-үрмелі аспаптар ан­­самблінің көркемдік жетекшісі Да­­нияр Жақияновты да жеке ба­сы­ның емес, әріптестерінің жағ­дайы толғандырады екен. «Үрмелі аспаптар оркестрінің музыканттарын зейнеткерлік демалысқа ерте шы­ғарса» деген тілегін жет­кіз­ді көр­кем­дік жетекші.

– Мәдениет саласындағы қыз­мет­керлердің жекелеген санаттарына арналған қызмет атқарған жылдарына (сахнада 20 жыл) байланыс­ты қосымша әлеуметтік төлем қа­рас­тыратын заңнамалық норма бар. Алдағы кезде сіздерді со­лардың қа­тарына қосу мәсе­ле­сін қарас­ты­ра­­тын боламыз, – деп жауап қай­тар­ды министр ханым.

Қабылдауға келген бірде-бір адам­ның өтініші жерде қалмай­тын болды. Сауалдарына тиянақ­ты жауап қайтарылды. Облыстық деңгей­де реттелетін жағдайлар бойынша тиісті лауазымды тұлға­лар­ға тапсырмалар берілді. Бар­лық мәселенің заңмен қарас­тырыл­ған мерзімде шешілуі мен сауал­дарға тиісті жауаптар қайта­рылуын министрдің өзі бақылауда ұстайды.

Жүздесуді қорытындылаған Ақ­тоты Рахметоллақызы Жетісу же­рінің тарихи-мәдени мүмкін­дігі­нің аса бай екеніне тағы бір мәрте назар аударып, қазіргі кезде үкіметтік деңгейде еліміздегі тари­хи-мәдени ескерткіштерді зерт­теуге, зерделеуге баса назар ау­да­руды қарастыра­тын жобалар легі жасалып жатқа­нына тоқ­тал­ды.

– Археологиядағы ғылыми із­де­ністер кез келген тарихи ақ­паратты дә­лелдеп бекітуге немесе жоққа шы­ғаруға қызмет етеді. Бұл бағыт­тағы жұмыстардың барлығы «Рухани жаңғыру» және «Ұлы дала­ның жеті қыры» бағдарла­ма­лары аясында жүргізілуде. Алайда осы саладағы барлық зерттеулер қатаң түрде регламенттелуі керек екенін тағы мәрте еске салғым ке­леді. Біздің министрліктің бас­тамашылды­ғы­мен республикалық жоспар жасал­мақ. Ол ресми сайтта жарияланады. Онда таяу жыл­дарға белгіленген барлық археоло­гия­лық экспедиция көрсетіледі. Та­рихи-мәдени мұра­ларды сақтау – қоғам алдында тұр­ған аса маңыз­ды міндет, – деп ай­рық­ша атап өтті Ақтоты Райым­құлова.

 

Болат АБАҒАН,

Алматы облысы

 

Соңғы жаңалықтар