Алматы облысының тұрғыны Өскеменде қолдан есірткі жасап сатқан

Алматы облысының тұрғыны Өскеменде қолдан есірткі жасап сатқан

Алматы облысының тұрғыны Өскеменде қолдан есірткі жасап сатқан
ашық дереккөзі
Өскеменде Алматы облысының тұрғынынан «Альфа PVP» және «скорость» атты синтетикалық есірткі өнімдері тәркіленді. Күдіктінің қалада пәтер жалдап тұрғаны анықталып отыр, – деп жазды inbusiness.kz. «Жалдамалы пәтерді тінту кезінде 40 орам алқызыл, көк және ақ түсті ұнтақ табылды. Есірткіден бөлек 41 дана көк, қара, жасыл түсті изолента, электронды таразы, 2 орама фольга тәркіленді. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген ұнтақтың 92,14 грамм «альфа-пирролидиновалерофенон» атты есірткі екені дәлелденді. Бұл аса ірі көлемдегі есірткі болып саналады», – деді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі. Тергеу кезінде күдікті қылмысын мойындап, қаңтар айында Алматыдан Өскеменге келгенін, интернет арқылы сатып алған психотропты заттардан есірткі жасағанын айтты. «Қазір бұл азаматтың интернеттегі есірткі саудасына қатысы бар-жоғы анықталуда. Оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 297бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы бапқа жаңа жылдан бері өзгеріс енгізілгенін ескерсек, күдікті 10 жылдан 15 жылға дейін жаза арқалауы мүмкін», – делінген ресми ақпаратта.