Сауд Арабиясына жұмыс іздеп кеткен жас қыздар құлдықтан босады

Сауд Арабиясына жұмыс іздеп кеткен жас қыздар құлдықтан босады

Сауд Арабиясына жұмыс іздеп кеткен жас қыздар құлдықтан босады
ашық дереккөзі
Сауд Арабиясына жақсы жалақы іздеп, қонақ үйлерде қызмет көрсетуге келген жас қыздар сексуалды құлдықтың құрбаны болған. Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшілігінің жәрдемімен Бахрейн полициясы 21 ҚР азаматшасын сексуалды құлдықтан босатты, – деп хабарлады сыртқы саясат ведомоствосының баспасөз қызметі. ҚазАқпараттың жазуынша, Бахрейнге келген бойда ондағы жұмыс берушілер қыздардың құжаттарын тартып алып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Бағынбаған жағдайда күш көрсеткен. Қазіргі уақытта барлық күдіктілер, соның ішінде қазақстандық азаматшалар ұсталып, тиісті тергеу жұмыстары жүргізілуде. Зардап шеккендер арнайы оңалту орталығына орналастырылып, жуық арада Қазақстанға қайтарылады.