Қайғылы жағдайға жол берген меморган қызметкерлері жауапқа тартылады – Президент

Қайғылы жағдайға жол берген меморган қызметкерлері жауапқа тартылады – Президент

Қайғылы жағдайға жол берген меморган қызметкерлері жауапқа тартылады – Президент
ашық дереккөзі
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-парақшасында Қордай ауданындағы жағдайдың тұрақты екенін айтты. «Қордай ауданындағы жағдай тұрақты. Бердібек Сапарбаев басқарған комиссия жұмысын жалғастыруда. Қайғылы жағдайға жол берген меморган қызметкерлері мен арандатушылар жауапқа тартылады. Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Отандастарымызға азаматтық жауапкершілік ұстанымдары үшін ризашылық білдіремін», – деп жазды Мемлекет басшысы. Сондай-ақ, Президент: «Мемлекеттік органдар қызметкерлерінің салғырттығы арқасында арандатушылар қантөгіс жасады. Олар жазаланады. Мемлекет зардап шеккендерге қолдау көрсетеді. Бейбітшілік пен келісім біздің басты байлығымыз, оны бұзуға ешкімнің құқығы жоқ!», – деп жазды.