Жамбыл облысындағы жаппай төбелеске түрткі болған оқиға аталды

Жамбыл облысындағы жаппай төбелеске түрткі болған оқиға аталды

Жамбыл облысындағы жаппай төбелеске түрткі болған оқиға аталды
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында тұрмыстық жанжал орын алған. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, қақтығыстың себебі қарт адамға дене жарақатын салу фактісі болуы мүмкін. Бұл туралы zakon.kz жазды. ОКҚ өткен брифингтен кейін министр: «Бұл тұрмыстық жанжал. Қазір тергеу шаралары жүріп жатыр. Сізге оқиғаның әр минутына дейін баяндап, кім кінәлі екенін айтып береміз. Тексеріс аяқталғаннан кейін полиция қызметкерлері ол жақта не болғанын хабарлайды», – деді. Журналист министрден қақтығысқа 80 жастағы ер адамның зардап шегуі себеп болуы мүмкін бе екенін сұрады. «Мұндай нұсқа бар. Бұл тұрмыстық жанжал болды. Нақты қандай қақтығыс болғанын анықтап жатырмыз», – деді Абаев. Оның айтуынша, түнде құқыққорғау органдары ауылдардағы жағдайды тұрақтандыру және халықты тыныштандырумен айналысқан және облыста төтенше жағдай режимі енгізілмеген.