Қазақтығымызды сақтап қаламыз деп келдік...

Қазақтығымызды сақтап қаламыз деп келдік...

Қазақтығымызды сақтап қаламыз деп келдік...
ашық дереккөзі
1626
Солтүстік Қазақтан өңірі – еліміз үшін маңызды аймақтың бірі. Жерінің 80 пайыз аумағы дәнді да­қылдар мен егістіктерге арналған. Сұлы, арпа, бидай және қарақұмық өсіріледі. Cонымен қатар көлік қозға­ғыш­тары, тамақ және жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шы­ғарады.  Қазіргі кезде Петропавл Қазақстандағы ірі өнер­кәсіп орталықтарының біріне айналды. Тек қала­ның өзінде 180-ге жуық кәсіпорын жұмыс істейді.  Көр­шілес Ресей Федерациясының Омбы, Түмен, Қорған об­­­лыстарымен шекаралас жатыр. Теріскейдің көп жерінде мамандар жетіспейді. Бос қалып жатқан жерлерге серпін беру үшін ішкі көшпен қатар шетелден көшіп келіп жатқан қандастарды көптеп тарту мақсатында Үкіметтен арнайы жыл сайын квота бөлінеді. Шеттен келген ағайын солтүстік өңірдегі маман тапшылы­ғын жоюға зор мүмкіндік тудырып отыр. Соның ішінде арнаулы орта білімі бар жұмыс­шы мамандарға деген тапшылық азайып келеді. Екінші тіл мен ұлттық мә­дениеттің алға басуына және ай­мақ­тағы демографиялық теңсіздігін азай­туға тың серпін беруде. 1991 жылдан бері 3 211 отбасы (1 2739 адам) қандастарымыз кө­шіп кел­ген. Әр ауылда 5-10 отбасы орналас­қан. Túrkistan газетінің қандастарға арналған АTAJURT жобасы ая­сында, солтүстік өңірге арнайы іссапармен барып, ондағы қан­дастардың тыныс-тіршілігімен танысып қайтқан едік.   Арман СҮЙІНДІКОВ,  Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы СҚО бөлімінің жетекшісі: –  2019 жылы Солтүстік Қазақстанға 62 отбасы (139 адам) көшіп келді.  Қытайдан 19 отбасы (39 адам), Моңғолиядан 16 отбасы (60 адам), Ресейден 15 отбасы (23 адам), Өзбекстаннан 9 отбасы (14 адам) және Тәжікстаннан 1 отбасы, Украинадан 1 отбасы келді. Үкіметтің қандастарды қоныстандыру және аймақтарын анықтау туралы 2016 жылғы 18 ақпандағы №83 қаулысына сәйкес қандастарға квота берілді. Ішінара азаматтардың жеке салғырттығымен болған құжат мәселесі болмаса басқа айтарлықтай қордаланып тұрған мәселе жоқ деуге болады. Азаматтық ала алмай жүрген қандастар жоқ. Шеттен келген ағайынның ең бірінші құжаттарын реттестіріп беруге барынша күш салудамыз. Көші-қон басқармасымен және әкімшілікпен бірлесе істеген жұмыстардың нәтижесінде қандастарға қатысты мәселелер дер кезінде оң шешімін тауып келеді. Шеттен келген әрбір қандас теріскей өңірі үшін өте маңызды. Аймақтағы тіл мәселесіне және ұлттық мәдениетті қалыптастыруда рөлі зор. Атап айтқанда Soltústik Qazaqstan газетінің бас редакторы Ербақыт Амантай, М.Қозыбаев атындағы Foundation факультетінің деканы Алмагүл Абдолханқызы, Мәдениет басқармасының қызметкері, ақын Аманжол Зағыпарұлы, айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы СҚО филиалының жетекшісі Жарқын Жұпарқан, қолөнер шебері Жалын Серiкжан қатарлы азаматтар осы өңірдің қазақылануына, өнеріне, біліміне, мәдениетіне және көші-қон саласына мол үлес қосып келеді.

 Қандастар баласын қазақша оқытқысы келеді

 Өткен жылдан бастап, жүзеге асырыла бастаған «Серпін» бағдарламасы бүгінде еліміздегі ең танымал әлеуметтік бастамалардың бірі болып саналады.  Қазір халықтың   жобаға деген қызығушылығы орасан зор. Қазақстанның әр тарабына көшіп келген қандастардың дені қазір солтүстік өңірге «жұрт жаңартып» қайта көшіп жатқандары да бар. Біз арнайы барған сапарымызда Есіл ауданы Чириковка ауылына Қытайдан 6 отбасы көшіп келіп жатқанына куә болып, «құтты қоныс» тіледік. Ал осынау шеттен және өзге оңтүстіктен барып жатқан қазақтар мектепте қазақ сыныбының аз екенін айтуда. Әсіресе, Чириковка ауылының тұрғындары мектепте қазақ сыныптарының аз екенін айтып, біраз құзырлы орындарға шағымданған. Ауылдың белсенді тұрғыны Әбдіхан Бексұлтанның айтуына қарағанда, құзырлы орындардан әлі жауап жоқ. Чириковка ауыл мектебінде дайындық сыныбы және 1-2-сыныптар түгелдей орыс тілінде сабақ өтеді. Ауылда 300-ге жуық отбасы бар, оның 60 пайызы – қазақтар. Бірақ мектепте қазақ сыныптар аз. Ал шетелден келген қандастар бұған наразы. «Біз балаларымызды атамекенде қазақша оқытып, ұлттық ерекшелігімізді сақтап қалу үшін және Солтүстік өңірді қазақтандыру үшін көшіп келдік», – дейді Чириковка ауылының тұрғыны Нұрлан Зағыпар.

 Айдалада ақ отау, мал қорасы жоқ отау

 width= «Серпін – 2050» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Солтүстік Қазақстан облысының әр елдімекенінде кемі 10-нан астам жаңа үйлер салынып, оған Оңтүстік өңірлерден көшіп келген қазақтармен қатар шеттен көшіп келген қандастарымыз орналасуда. Қызылжар, Есіл аудандарына арнайы барып, тұрғындардың жай-күйін көзбен көріп қайттық. «Серпін» бағдарламасы бойынша баспана алған ауыл тұрғындарының үйлерінде мал ұстауға арналған қора мүлде жоқ. Тек қана там үйлер салынған. Ал тұрғындар қораны өздері салып алайын десе, үйді салу мақсатында берілген жер телімінде ондай қора салу қарастырылмаған. Бұл мәселе қазір әр ауылдағы азаматтарды толғандырып отыр. Олар ауылдық жерде мал шаруашылығымен айналысқысы келеді. Бірақ үйінің қасында қора болмауы бұған айтарлықтай кедергі келтіруде.

Кәсіптің кілті несие емес

Ағаш шебері Жалын Серiкжан 2014 жылы ҚХР Іле Қазақ автономиялы облысы Кү­нес ауданынан СҚО Есіл ауданы Бірлік ауы­лы­на көшіп келген. Се­рік­жан отбасы Солтүстік өңірге көшіп келгендеріне дән риза.  width= Жалын Серiкжан оқуын Алматыда бітірген соң қалада әртүрлі жұмыс істепті. Қалалы жерде айлықтың шайлыққа жетуі қиын дейді шебер. Серікжанның отбасы – шеберлер ошағы. Анасы да түрлі қазақы бұйымдар тігеді. Әкесі Серікжан да ағаш шебері. Жалынның шебер болып қалыптасуына әке тәлімі әсер етіпті. Ұстаханада ағаштан жасалған бұйымдардың түр-түрі самсап тұр. Еліміздің әр өңірінен тапсырыстар алады. Сұраныс мол. Шебер­хананың табысы бір отбасын асырап қана қоймай, ұлттық өнерді дамытуға да үлесі зор. Жалын Серiкжанның айтуына қарағанда, Қытайда кәсіпкерлерге несие беру арқылы кәсіпкерді өкіметке тәуелді қылып қояды. «Сон­дықтан кәсіпкер аз болса да өз қаражатымен кәсіп бастау қа­жет, несиенің өсімі кәсіпті дамытпайды. Сон­дықтан да кә­сіп­кер Үкіметке жал­тақтай бер­мей, кәсіпті өз күші­мен бас­тауы қажет», – дейді Жалын Серiкжан.      

Серіктес жаңалықтары