Солтүстікке сапар

«Серпін» және шеберлер ошағы

Túrkistan газетінің қандастарға арналған АTAJURT жобасы аясында солтүстік өңірге арнайы іссапармен барып, ондағы қандастардың тыныс-тіршілігімен танысып қайтқан едік.

Солтүстік Қазақтан өңірі – еліміз үшін маңызды аймақтың бірі. Көршілес Ресей Федерациясының Омбы, Түмен, Қорған облыстарымен шекаралас жатыр.

Шеттен келген ағайын солтүстік өңірдегі маман тапшылығын жоюға зор мүмкіндік тудырып отыр. Соның ішінде арнаулы орта білімі бар жұмысшы мамандарға деген тапшылық азайып келеді. Екінші тіл мен ұлттық мәдениеттің алға басуына және аймақтағы демографиялық теңсіздігін азайтуға тың серпін беруде.

1991 жылдан бері 3 211 отбасы (1 2739 адам) қандастарымыз көшіп келген. Әр ауылда 5-10 отбасы орналасқан.

Солтүстікке сапар

 Қызылжар, Есіл аудандарына арнайы барып, тұрғындардың жай-күйін көзбен көріп қайттық. «Серпін» бағдарламасы бойынша баспана алған ауыл тұрғындарының үйлерінде мал ұстауға арналған қора мүлде жоқ. Ал тұрғындар қораны өздері салып алайын десе, үйді салу мақсатында берілген жер телімінде ондай қора салу қарастырылмаған дейді. Бұл мәселе қазір әр ауылдағы азаматтарды толғандырып отыр. Олар ауылдық жерде мал шаруашылығымен айналысқысы келеді. Бірақ үйінің қасында қора болмауы бұған айтарлықтай кедергі келтіруде.

Солтүстікке сапар Есіл ауданы Чириковка ауылы

Айдалада ақ отау, мал қорасы жоқ отау

Солтүстікке сапар Біз арнайы барған сапарымызда Есіл ауданы Чириковка ауылына Қытайдан 6 отбасы көшіп келіп жатқанына куә болып, «құтты қоныс» тіледік.

Солтүстікке сапар

Солтүстікке сапар Серікжан Қабыланұлы және Жалын Серікжан.

Ағаш шебері Жалын Серiкжан 2014 жылы ҚХР Іле Қазақ автономиялы облысы Күнес ауданынан СҚО Есіл ауданы Бірлік ауылына көшіп келген.

Солтүстікке сапар Жалын Серiкжан оқуын Алматыда бітірген соң қалада әртүрлі жұмыс істепті. Қалалы жерде айлық шайлыққа жету қиын дейді шебер.

Солтүстікке сапар «Кәсіптің кілті несие емес»

Жалын Серiкжанның айтуына қарағанда, Қытайда кәсіпкерлерге несие беру арқылы кәсіпкерді өкіметке тәуелді қылып қояды. «Сондықтан кәсіпкер аз болса да өз қаражатымен кәсіп бастау қажет, несиенің өсімі кәсіпті дамытпайды. Сондықтан да кәсіпкер Үкіметке жалтақтай бермей, кәсіпті өз күшімен бастауы қажет», – дейді Жалын Серiкжан.

Солтүстікке сапар

Солтүстікке сапар Отағасы Серікжан Қабыланұлы Қытай елінен 2019 жылы елге көшіп келген.

Солтүстікке сапар Солтүстіктің серісі Аманжол Зағыпарұлы «ауылдың алты ауызын» бастады.

Солтүстікке сапар Жалын шебер жырдан да кенде емес екен.

Солтүстікке сапар  Солтүстікке сапар Қонақ кәде сұрған сәтте іркіліп қалмадық…

«Барады көшіп аулым Қызылжарға…»

Солтүстікке сапар Серікжан шебердің жұбайы жасаған дөңгелек дастарқан.

Солтүстікке сапарСерікжан Қабыланұлы, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы СҚО бөлімінің жетекшісі, Арман Сүйіндіков, ақын Аманжол Зағыпарұлы және Жалын Серікжан.

Солтүстікке сапар Серікжан отбасы Солтүстік өңірге көшіп келгендеріне дән риза.

Солтүстікке сапар Ұстаханада ағаштан жасалған бұйымдардың түр-түрі самсап тұр. Еліміздің әр өңірінен тапсырыстар алады. Сұраныс мол. Шеберхананың табысы бір отбасын асырап қана қоймай, ұлттық өнерді дамытуға да үлесі зор.

Солтүстікке сапар Шеберлер ұстаханасы

«Ассалаумағалайкум Дәуіт пірім» деп кіретін едік мұндай ұстаханаға енгенде.

Солтүстікке сапар Ет түсіретін астаудың жасалу барысы.

Солтүстікке сапар

Солтүстікке сапар Жас ағаштан ойылып жасалған саптаяқтар әбден кептірілген соң тұзды суға қайнатылады…

Солтүстікке сапар Жалынның суретшілік қыры…

Солтүстікке сапар Көңілге ой салатын бейнелер…

Солтүстікке сапар Жалын шебердің Петр деген алғыр тазы иті.

Бір қызығы бұл жақтың адамы түгіл,

иті Петр де қазақша айтқанды түсінеді.

Солтүстікке сапар Шеберлер отбасымен қимай қоштастық.

Солтүстікке сапарTúrkistan  газетініне Жалын Серікжанның тәбәрік тартуы.

Солтүстікке сапар

«Шебердің қолы ортақ». Сый – редакция төрінен орын алды.

 

Материалды дайындаған Бақытбек ҚАДЫР,

Суреттер автордыкі. 

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button