18 млн халықпен импортқа тәуелсіз экономика құру ақылға қонбайды – Ивайло Изворски

18 млн халықпен импортқа тәуелсіз экономика құру ақылға қонбайды – Ивайло Изворски

18 млн халықпен импортқа тәуелсіз экономика құру ақылға қонбайды – Ивайло Изворски
ашық дереккөзі
Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша жетекші экономисі Ивайло Изворски 18 млн адаммен импортқа тәуелсіз экономика құрамыз деу ақылға қонбайды деп санайды. Бұл туралы inbusiness.kz жазды. – 18 млн халықпен бүкіл қажет дүниені өзіміз өндіреміз деу ақылға қонбайды. Бірден айтайын, бұл жол тығырыққа апарады. Аргентина мен Бразилия да осы жолды таңдап, экономикаларын тұралатқан болатын. Экспортты арттыру үшін импортты тежеу деген қисынға сыймайды. Өйткені екеуінің бағыты екі бөлек. Сондықтан Қазақстан импортты тежеуді емес, экспортты арттыруды ойласа, өндіріс көлемі артады. Сол кезде ғана отандық өндірістің бәсекеге қабілеті артады, – деді сарапшы.