ДДСҰ коронавирус туралы жалған ақпаратпен күреседі

ДДСҰ коронавирус туралы жалған ақпаратпен күреседі

ДДСҰ коронавирус туралы жалған ақпаратпен күреседі
ашық дереккөзі
euronews.com сайтының хабарлауынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус эпидемиясына байланысты тарап жатқан жалған ақпаратқа қарсы күресетін жаһандық науқанды бастады. ДДСҰ вирус туралы фейк жаңалықтардың таралуын болдырмау үшін ірі әлеуметтік желілермен серіктестік орнатпақ. Әлем вируспен күресіп жатыр, бірақ оған жаһандық байланыс мен ақпарат алмасу жетіспейтіні айтады сарапшылар. Дерттің адамға мутация нәтижесінде жануардан жұққаны дәлелденді. Эпидемиолог Массимо Чиккоцци: «Коронавирус адамға жарқанаттан жұқты. Адамда бірден эпидемия туындады. Ол жарқанаттан қалай берілді? Бұл үлкен геномның бөлігіндегі бір протеинде болған жалғыз өзгеріс, бір ғана мутация арқылы орын алды», – деді. Соған қарамастан, коронавирустың адамнан адамға жұғу жылдамдығы салыстырмалы түрде жоғары емес. Дәрігерлердің пікірінше, дер кезінде қажетті шараларды жүзеге асырса эпидемияның Еуропаға таралуының алдын алуға болады. Айта кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың таралуын «жаһандық төтенше жағдай» деп жариялады.