Қытай шекарасынан кімдер өте алады – Бекшин түсіндірді

Қытай шекарасынан кімдер өте алады – Бекшин түсіндірді

Қытай шекарасынан кімдер өте алады – Бекшин түсіндірді
ашық дереккөзі

Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе қатынасы 4 ақпаннан бастап тоқтайтынын хабарлады. Енді шекарадан тек шенеуніктер мен жүктер ғана өте алады. 

Сонымен қатар, Қытай мен Қазақстан арасында пойыздар мен автобустар үшін жолдар жабылды, деп хабарлайды NUR.KZ.

"Шекараны тек жүктер мен ресми делегация құрамындағы шенеуніктер ғана кесіп өте алады. Оларды екі мемлекет билігі де тепловизормен тексереді", - деqді Бекшин.

Бекшин елдің барлық шекарасында қосымша тепловизорлар орнатылғанын мәлімдеді. Олардың қатарында "тұтас" стационарлық және қол тепловизорлары бар.

Айта кетейік, Қытай мен Қазақстан арасындағы шекаралық бекеттерді Қытайда коронавирустың пайда болып, басқа мемлекеттерге тарауына байланысты үкімет жанынан құрылған ведомствоаралық комиссия төрағасы Сапарбаев тексерген.

Еске сала кетейік, бұған дейін "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы коронавирустың алдын алу мақсатында 15 ақпанға дейін жабылғаны хабарланған болатын.