Павлодарда қандастар неге ЖСН ала алмай жүр?

Сәбит ЖАНАТҰЛЫ,  Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Павлодар облыстық бөлімі басшысының орынбасары:

 – Қазір Павлодар облысында ше­телден келген қазақтардың ең бірінші ЖСН алу мәселесі қиын бо­лып отыр. Заң бойынша шетелден көшіп келген соң Қазақ­стан­ның сәйкестендіру нөмірін алуы қа­жет. Еліміз бойынша барлық са­лада электронды жүйеде жұ­мыс жүргізу қолға алынған. Ол бол­маса бірде-бір қызмет көрсе­тіл­мейді. ЖСН алу үшін қала немесе аудандағы мемлекеттік кі­ріс­тер басқармасына жүгінеді. Олар 18 жастан жоғары азамат­тарға ЖСН береді. Ал жаңа тәр­тіп бойынша ЖСН кәмелет жасы­на толмағандарға Көші-қон қыз­ме­ті арқылы беріледі деп қабыл­да­май отыр. Бұрын бәріне бірдей кірістер басқармасы беретін. Көші-қон комитеті берген ЖСН мемлекеттік органдардағы базадан шықпайды. Бір құжат алайын деп ЖСН берсе, мәлімет жоқ болып шығады. Көші-қон комитеті басшылығының айтуынша, заң бойынша бірегей сәйкестендіру нөмерін беретін құқығы бар. Бі­рақ техникалық мүмкіндіктер жет­пей отыр дейді.

ЖСН беру стандарты бойынша 3 күнде берілу керек. Кейінгі кез­де мәлімет базасы жүйесіндегі тех­никалық себептерге байла­ныс­ты 1-2 айға созылуда.

Осындай жағдаймен ЖСН ала ал­май табанынан таусылған Есіргеп Қуандықтың отбасы. 2019 жы­лы Қараша айында Қытайдың Іле қазақ автономиялы облысы Құл­жа қаласынан көшіп келген қан­дастың айтуына қарағанда, ба­­лаларына ЖСН алу үшін біраз есік­ті тоздырыпты. Құ­зыр­лы мекемелер бір-біріне сілтеген.

Құжаттандыру мекемелерінің шет­елден енді келген қандастарды бұ­лай сабылтып қоюы жергілікті ат­қарушы органдардың салғырт­ты­ғына сая ма? Әлде расымен тех­никалық мүмкіндіктер жетіс­пей жатыр ма, мұндай құжатты алу үшін нақты қандастар қайда жүгіну қажет, заң не дейді?

«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлт­тық тізілімдері туралы» Қа­зақ­стан Республикасының 2007 жыл­ғы 12 қаңтарда бекітілген заңы­ның 2-бабы 4-тармағында Қазақ­стан Республикасында тұруға бе­рілген ықтиярхатының беткі жа­ғын­да, туған күнінен төменде ЖСН көрсетілмеген Қазақстан Рес­публикасында тұрақты тұра­тын шетел азаматтары, сондай-ақ аза­маттығы жоқ адамның куә­лігі­нің 32-бетіндегі машина оқитын мә­тінінде ЖСН-і көрсетілмеген Қа­­­зақстан Республикасында тұ­рақ­­ты тұратын азаматтығы жоқ адам­дар Қазақстан Республикасында тұруға бұрын берілген ықтиярхат құжаттарын немесе азаматтығы жоқ адамның жеке сәйкестендіру нөмірі бар куәлігін қайта ресімдеу үшін келген жері бойынша аумақтық ішкі істер ор­гандарына жүгінеді, – деп жа­зылған.

Егер заңға сүйенсек, ЖСН-ды Кө­ші-қон комитеті беруі қажет. Бұл орайда ХҚКО мен кірістер комитетін кінәлай алмаймыз.

«Павлодар облысындағы мемлекеттік құзырлы орындармен ты­ғыз байланыстамыз. Қолдары­нан келгенше көмектерін аямайды. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік басқармалар ба­с­шысы Қайрат Нұрмағанбетов, об­лыстық Полиция депар­та­мен­ті­нің Көші-қон қызметі басқармасының бас­шысы Арман Уәлиев, орынбасары Қазыбек Ахметов, азаматтық беру бөлімінің аға инспекторы, полиция подполковнигі Гүлістан Батталова қатарлы азаматтар кө­ме­гін тигізіп келеді қандастарға. Құжаттарды барынша тез беруге және қандастардың ортаға бейімделуіне өз үлестерін қосып жатыр. Жоғарыда атап өткен балаларға ЖСН беру мәселесін де кешіктірмей біржақты етеді деген сенімдемін», – дейді Сәбит Жанатұлы.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button