Дилерлер елімізде жоғары сұранысқа ие көліктерді атады

Дилерлер елімізде жоғары сұранысқа ие көліктерді атады

Дилерлер елімізде жоғары сұранысқа ие көліктерді атады
ашық дереккөзі
Өткен жылы ресми дилерлер 71 мыңнан астам жаңа көлік сатты. Бұл туралы  «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағының баспасөз қызметі хабарлады.  «2019 жылдың қорытындысы бойынша ресми дилерлер 71 417 көлікті сатты, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 23,3 пайызға жоғары. Есепті кезеңде қазақстандықтар жаңа жеңіл көліктерді алуға 654,3 млрд теңге жұмсап, 2018 жылғы деңгейден 31,8 пайызға артық болды», - делінген таратылған мәліметте. Көлік сатып алушы 42 205 адам (59,1 пайызы) отандық зауыттардың өніміне өз таңдауын жасаған. Сонымен қатар, былтырғы 12 айда сатылған 29 212 автомобиль (40,9 пайызы) импортқа тиесілі болып отыр. Аталған мерзімде елімізде сұранысы жоғары брендтердің арасында Lada көш бастап тұр. Республика аумағында ресейлік марканың 15 366 көлігі өткізілген. Ал сатылған Hyundai модельдерінің саны 14 853-ті құрады. Үшінші орынға саудаланған 14 197 көлігімен Toyota шығып отыр. Сондай-ақ бұл бестікке KIA (3 758 автокөлік) және Ravon (3 651) брендтері енді.