жұма, 11 сәуір, 2025

Дәрігерлерді қолдауға шақырды

/
ашық дереккөзі
Дәрігерлерді қолдауға шақырды Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек бастауыш партия ұйымдары өкілдерімен кездесуінде партияның алдағы жоспарларымен бөлісті. Оның айтуынша, Елбасының тапсырмасына сәйкес, Nur Otan пар­тиясы Үкіметпен бірігіп жергілікті ерекшелік пен халықтың нақ­ты қажеттіліктерін есепке ала отырып, аймақтық бағдар­ла­ма­лар­ды дайындау бойынша жүйелі жұ­мыс жүргізіп жатыр. Партия­лық­тар проблемасы көп барлық бе­кеттерді, соның ішінде, шалғай ау­дандар мен ауылдарды қамтуды жос­парлап отыр. «Біз әр аудан үшін партияның жеке бағдарламасын әзірлегіміз ке­леді. Жергілікті жердегі мә­се­ле­лер мен сұраныстарға басымдық бер­сек дейміз. Біз халық өзі қа­лай­тын нақты мәселелерді шешуіміз қажет. Екіншіден, кандидаттарымызды праймериз, яғни партия ішіндегі іріктеу арқылы ұсынбақпыз. Мұның барлығы ашық дебат түрінде өткізілетін бо­­лады. Тиімді мәслихат қалып­тас­­­тырғымыз келеді. Сондықтан Nur Otan партиясының міндеті – креативті ойлайтын, ашық-жар­қын жандарды ұсыну. Сондай-ақ біз қыз-келіншектер мен жастарды белсенді қолдап, көтермелей­тін боламыз. Бұл Елбасы Нұр­сұл­тан Назарбаев пен ел Прези­денті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасы. Әйелдердің 30 пайызы мен жастардың 20 пайызы мәслихаттардың барлық дең­гейінде болуы тиіс», – деп атап өтті Бауыржан Байбек. Партиялықтарға арнап ұйым­дастырылған оқыту тренингтеріне қатыса отырып, Nur Otan пар­­­­тиясы Төрағасының Бірінші орын­басары дәрігерлерді қол­дау­ға шықырды. Ол өз туыстары мен жа­қындарын құтқарып қалған оқи­ғалармен әлеуметтік желілерде бөлісе отырып та, ақ халатты аб­зал жандарға құрмет көрсетуге бо­латынын айтты. «Біз дәрігерлерді қолдауымыз қа­жет. Әркім дәрігерлердің олар­дың туыстары мен жақындарын қа­лай құтқарып қалғаны туралы әң­гі­мелесін. Бұл – өте маңызды мо­ральдық қолдау. Жеке маман­дар­ға, басшыларға қатысты мәсе­ле­лердің болатыны да сөзсіз. Бі­рақ жағдайдың 99 пайызында дәрі­герлер адамдарға көмектесіп, ола­рдың өмірін құтқарып жатыр. Тек дәрігерлер кейбіреулер секілді өз­дерін жарнамаламайды. Үндемей ғана жұмыс істейді. Сонымен қатар мұ­ғалімдерді, полиция мен мемле­кет­тік қызметкерлерді де қолдауы­мыз керек деп есептеймін. Таңер­тең­нен кешке дейін жұмыс істеп, кей­де, тіпті отбасыларына көңіл бөлу­ге уақыттары болмайды. Бірде мем­лекеттік қызметке оппозициядан адам шақырғаны есімде. Бірақ ол бір апта да шыдай алмады», – деп ағы­нан жарылды Бауыржан Байбек. Айта кететін жайт, партиялық «қайта жаңғыру» аясында Саяси ме­неджмент мектебі 10 мыңнан ас­там нұротандықтарға арнап оқыту семинарын бастады. Аймақ­тық филиалдардың, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері мен партия ішіндегі пилоттық кадрлық ірік­теу жеңімпаздары тұлғалық құ­зы­ретті дамыту, халықпен және аза­маттық қоғам институттарымен өза­ра тиімді әрекет ету, дағдарыстық бай­ланыс және т.б. салада машық­тану деңгейін арттыру бойынша тренингтерге қатысуда.
Бөлісу: