Жексенбі, 4 Желтоқсан, 2022

Пойызда жолаушы әйелді босандырып алған жолсерік марапатталды

Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау салтанатында пойызда жолаушы әйелді босандырып алған жолсеріктің еңбегі еленді. 

«Қазақстан теміржолы» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Нұр-Сұлтан – Шымкент» бағытындағы жолаушылар пойызының жолсерігі Меруерт Қорабаева «Жылы жүрек» аталымы бойынша марапатқа ие болды. Ол өткен жылдың күзінде жолаушы әйелді аман-есен босандырып алған.

«23 қыркүйекте біздің пойызда жолаушы әйел босанды. Мен үшін бұл жылдың ең жарқын оқиғасы болды. Менің медициналық білімім жоқ. Бұл менің тікелей міндетім. Қызмет барысында біз біз емдейміз, үйретеміз,  шұғыл жағдайларда құтқарамыз, тіпті адамның өмірге келуіне де көмектесеміз», – дейді Меруерт Қорабаева.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button