Президент Болат Бақауовты облыс әкімі қызметінен босатты

Президент Болат Бақауовты облыс әкімі қызметінен босатты

Президент Болат Бақауовты облыс әкімі қызметінен босатты
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысының Жарлығымен Болат Жұмабекұлы Бақауов Павлодар облысының әкімі қызметінен босатылды, – деп жазды Ақорда. Еске салайық, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Б.Бақауовқа қатысты лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын. Кейін, Павлодардың мамандандырылған тергеу соты оны екі айға қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын санкциялады. Болат Бақауовқа ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша күдік келтіріліп отыр. Бұл бап мал-мүлкін тәркілей отырып, 5-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды, сондай-ақ қандай да бір лауазымды атқару құқығын өмір бойына шектеуді қарастырады. Прокурор Рустам Сәдуақасов соттан айыпталушыны екі айға немесе 16 наурызға дейін қамауда ұстауды сұрады. Себебі экс-әкім бостандықта жазадан қашып, болмаса тергеу жұмыстарына кедергі келтіруі мүмкін. Өз кезегінде Болат Бақауов өзіне тағылып отырған айыппен келіспейтінін айтқан болатын.