Сақ болыңыз – боран соғып, тұман түседі

Сақ болыңыз – боран соғып, тұман түседі

Сақ болыңыз – боран соғып, тұман түседі
ашық дереккөзі
20 қаңтарда Қазақстанның бүкіл аумағы солтүстік және оңтүстік циклондардың және олармен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Бұл дегеніміз, еліміздің бірқатар аймағында қар жауып, батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жауын-шашын болады. Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстарында күн ашық. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстікте және шығыста боран соғады, оңтүстікте көктайғақ. Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Алматы облысында түнде Жалаңашкөл ауданында 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қостанай облысының кей жерінде қар жауып, тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м / с, кей жерде 15-21 м/с. Күндіз 0.-5, кей жерде -7.