228
Павлодарда денесі тепловоз астынан табылған ер адамның өлімі тексерілуде
Павлодарда денесі тепловоз астынан табылған ер адамның өлімі тексерілуде
Павлодарда тепловоз астынан табылған ер адамның денесі табылды.
«Таңғы сағат 08:12-де жедел жәрдем станциясына ер адамның тепловоздың астына түскенін көрген адамдар хабарласты. Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына жеті минутта жетті», - дейді Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Мақпал Қаржаубай.
Оның айтуынша, оқиға орнында құтқару қызметі жұмыс істеген. Олар денені тепловоздың астынан шығарып алған. «Жедел жәрдем дәрігерлері биологиялық өлімді тіркеді. Ер азаматтың келбеті - еуропалық, жасы шамамен 40-қа толмаған», - деп толықтырды баспасөз хатшысы.
Қаза тапқан ер адамның денесі тепловоздан жарақат алмаған, сондықтан өлімнің нақты себебін сараптама анықтайды.