"Ұшқыш кінәлі": Сарапшылар 41 адамның өмірін қиған ұшақ апатының себебін анықтады

"Ұшқыш кінәлі": Сарапшылар 41 адамның өмірін қиған ұшақ апатының себебін анықтады

"Ұшқыш кінәлі": Сарапшылар 41 адамның өмірін қиған ұшақ апатының себебін анықтады
ашық дереккөзі
351
Өткен жылы Ресейдің  Шереметьево әуежайындағы «Аэрофлот» әуе компаниясыныа тиесілі Sukhoi Superjet ұшағының апатқа ұшырауына байланысты жүргізілген тергеу және сараптама жұмыстары аяқталды. Бұл туралы РФ Тергеу комитеті төрағасының орынбасары Игорь Краснов «Коммерсантъ» газетіне берген сұхбатында мәлімдеді.  Сарапшылар апатқа экипаж командирі Денис Евдокимов кінәлі деген ұйғарым жасады. «Бізде бұл қайғылы жағдайдың нақты себебі көрсетілген сарапшылар қорытындысы бар. Біз әуе компаниясы мен ұшқыштың дәлелін тексердік. Бұл апатқа ұшақ кінәлі емес, себебі тек SSJ-мен ғана емес, Boeing және Airbus-пен және басқа да ұшақтармен бұлай қонуға болмайды», - деді Игорь Краснов. Краснов Евдокимовке әуе көлігін пайдалану ережелерін бұзды деген айып тағылғанын ескертті. Қазір ол адвокатымен бірге іс материалдарымен танысып жатыр. Красновтың айтуынша, Евдокимовтың түрлі үлгідегі ұшақтарды басқаруда айтарлықтай тәжірибесі бар және арнайы дайындықтан өткен. «Соған қарамастан, біздің қызметкерлеріміз анықтағандай, ол әуе кемесінің пайдалану шектеуінен асып кететіндей ауыр жүк тиеген», - деді ТК төрағасының орынбасары. Ол жылдамдықтың жоғары болуынан және вертикальды салмақтың нормадан асып кетуі салдарынан жолаққа тым қатты қонған. SSJ ұшу-қону жолағынан шассидің негізгі тірегі сынғанға дейін үш рет секірген. Соның салдарынан ұшақтың жанармайы төгіліп, тұтанған. Евдокимовтің адвокаты Наталья Митусова оның өз кінәсін мойындамайтынын мәлім етті. Оған ешқайда кетпеу туралы тілхат берілген. Еске сала кетейік, өткен жылдың 5 мамырында Шереметьево әуежайына қонған ұшақ өртеніп кеткен болатын. Бортта болған 78 адамның 41-і апатта қаза тапты.  

Серіктес жаңалықтары