372
Марафонға алғаш қатысқан адамның өмірі 4 жылға қысқарады – америкалық кардиологтар
Марафонға алғаш қатысқан адамның өмірі 4 жылға қысқарады – америкалық кардиологтар
Соңғы жылдары марафонға жүгіретіндердің қатары артып келеді.
Америкалық кардиологтар колледжінің журналында жарияланған зерттеу нәтижелеріне сенсек, марафонға алғаш рет қатысып, марафонды соңына дейін жүгіріп шыққан адамның артериялық қысымы төмендеген. Нәтижесінде қантамырлардың жасы төрт жылға кемиді. Бұл туралы The Times of İndia басылымына сілтеме жасап ҚазАқпарат жазды.
Азия кардиологтар институтының докторы Сантош Кумардың айтуынша, жүгіру денсаулыққа жақсы әсер етіп, жүрек жұмысын бір қалыпты ұстайды. Холестеринді азайтып, артық салмақтан арылуға көмектеседі. Сонымен қатар күйзелістен арылтады.
«Дегенмен, марафонға қатысып топпен жүгіру адамға кері әсерін де тигізуі мүмкін. Бұл әр адамның денсаулығына байланысты. Марафонға қатыспас бұрын міндетті түрде дәрігерге қаралып алу керек»,- дейді ол. Ғалымдардың айтуынша, жүгіру денсаулыққа жақсы әсер еткенімен, марафонның орны бөлек. Оған жаттықтырушымен арнайы дайындалу керек.