Ақтөбеде шетелдік жолаушылар мінген автобус жолда қалды

Ақтөбеде шетелдік жолаушылар мінген автобус жолда қалды

Ақтөбеде шетелдік жолаушылар мінген автобус жолда қалды
ашық дереккөзі
Самара - Шымкент тасжолында Өзбекстан азаматтары мінген автобус жолда қалды. Хромтау ауданы маңында бұзылып қалған «Сетра» маркалы автобустың ішінде 53 жолаушысы бар, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі. «Автобус Сарығаштан Ресейдің Краснодар қаласына бағыт алған. Жолаушылардың бесеуі әйел. Төтенше жағдайлар қызметі көмек көрсетіп, оларды «Аманат« кемпингіне жеткізді. Оларға өрт қауіпсіздігі ережесі түсіндірілді. Қазіргі уақытта жүргізушілер автобусты жөндеп жатыр. Ал жолаушылар үшін Ақтөбе қаласынан арнайы автобус жіберілді», - делінген хабарламада.