Зейнеткердің 3 млн теңгелік зергерлік бұйымдарын жымқырған ұры ұсталды

Зейнеткердің 3 млн теңгелік зергерлік бұйымдарын жымқырған ұры ұсталды

Зейнеткердің 3 млн теңгелік зергерлік бұйымдарын жымқырған ұры ұсталды
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысында қарақшы зейнеткердің үйінен 3 млн теңгенің зергерлік бұйымдарын қолды етті. Бұл туралы Өскемен қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.  Ұры үйде ешкімнің жоқтығын пайдаланып, жуынатын бөлменің пластик терезесін қысып ашу арқылы ішке енген. Солайша, зейнеткердің алтын бұйымдарын қолды етіп, 3 миллион теңгеге шығын келтірген. Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктіні көп ұзамай анықтады. «20 жастағы павлодарлық азамат Семейдегі автобекеттен ұсталды. Анықталғандай, ол Алматы қаласына қашып кетпек болған», – делінген полиция хабарламасында. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі (ұрлық) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.