Жүкті әйелді қорғап қалған азамат марапатталды

Жүкті әйелді қорғап қалған азамат марапатталды
Алматы түбіне құлаған Bek Air ұшағында жүкті әйелді қорғап қалғаны үшін Темірлан Қадауов марапатталды.
ҚазАқпараттың мәліметінше, Алматы полициясы ғимаратында Ішкі істер министрінің бұйрығымен 23 жастағы Темірлан Қадауовқа «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалі табыс етілді.
Медальді жас батырға қалалық полиция департаментінің бастығы Серік Күдебаев тапсырды.
«Жас жігіт төтенше жағдайда батылдық көрсетіп, жанында отырған жүкті әйелді денесімен жауып қалды. Одан бөлек, алған жарақатына қарамастан ұшақтағы жолаушылардың тез арада ұшақтан шығуына көмектесті. Темірлан Қадауов бұл марапатқа әбден лайық. Бұл, бірінші кезекте өз халқының батырға деген алғысы деп түсінген жөн», – деп атап өтті Серік Күдебаев.