6 мың шақырым жол ақылы болады – қай бағыттар екенін білесіз бе?

6 мың шақырым жол ақылы болады – қай бағыттар екенін білесіз бе?
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мамандары 2020 жылдан бастап еліміздегі қай бағытындағы жолдар ақылы болатынын айтып берді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ақылы жол жобасы екі кезең бойынша енгізіледі. Бірінші кезеңінде, яғни 2020-2021 жылдар аралығында 6 мың шақырым ақылы жол қолданысқа беріледі. Атап айтқанда, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзиттік дәлізі, «Нұр-Сұлтан – Қостанай – Ресей шекарасы», «Щучинск – Петропавл», «Нұр-Сұлтан – Павлодар», «Қалбатау – Павлодар – Ресей шекарасы» (Омбыға апаратын жол), «Таскескен – Бақты – Қапшағай – Талдықорған», «Атырау – Орал», «Атырау – Доссор – Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан шекарасы» және «Ақтау – Бейнеу» жолдарының учаскелері ақылы болады», – деп атап өтті министрлік өкілдері.
2022-2023 жылдар аралығында қалған 5 мың шақырым жолды енгізуді көздейтін екінші кезең жүзеге асырылады.