Головкиннің жекпе-жегі көктемде өтеді – қарсыласы анықталды

/
Головкиннің жекпе-жегі көктемде өтеді – қарсыласы анықталды
ашық дереккөзі
Головкиннің жекпе-жегі көктемде өтеді – қарсыласы анықталды Былтыр Геннадий Головкин украиналық боксшы Сергей Деревянченконы жеңіп, өзінің IBF белбеуін қайтарып алған болатын. Sports.kz мәліметінше, Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі көктемде өтеді. Негізінен, 37 жастағы қазақстандық спортшы рингке 8 немесе 29 ақпанда оралады деп жоспарланған. Дегенмен, польшалық Камил Шереметамен өтетін титулды айқас 28 наурызға белгіленді. Шеремета IBF желісі бойынша Головкиннің міндетті қарсыласы, ал жекпе-жек АҚШ-тың Иллинойс штатындағы Чикаго қаласында өтуі мүмкін.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары