Нұр-сұлтанда жаңа жыл түнінде 24 бала дүниеге келген

/
Нұр-сұлтанда жаңа жыл түнінде 24 бала дүниеге келген
ашық дереккөзі
Нұр-сұлтанда жаңа жыл түнінде 24 бала дүниеге келген Еліміздің медициналық ұйымдары жаңа жыл мерекесі күндері штаттық режимде жұмыс істеді. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі 31 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығында жедел медициналық жәрдем қызметі 1628 шақырымға қызмет көрсетілгенін хабарлады. 2020 жылдың бірінші күнінде елордада сағат 00.00-ден 12.00-ге дейін 24 бала дүниеге келген, оның ішінде 14 қыз, 10 ұл бала. 2020 жылдың бірінші күнінде елордалық ауруханаларға Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров пен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова барды. Олар ауруханада жаңа жылды қарсы алған науқастардың жағдайымен танысты. Вице-министр №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының, №2 қалалық балалар ауруханасының реанимация бөлімшесіндегі балалардың жай-күйімен танысты. Надыров пен Рүстемова қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының, №2 көпсалалы қалалық аурухананың және №1 көпсалалы қалалық аурухананың науқастарымен кездесті. "Ауруханаға келген әрбір адамға сапалы медициналық көмек көрсетілуі тиіс. Ал жаңа жыл мерекелерінде халық жәй күндерден көп болады. Сондықтан бұл дәрігерлер мен медицина қызметкерлері үлкен жауапкершілік жүктейді", - деп тапсырды Надыров.  
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары