Алматыда бизнес орталығынан өрт шықты

Алматыда бизнес орталығынан өрт шықты
Бүгін сағат 00:31-де Алматыдағы Жұмалиев көшесінде орналасқан Grand Asia бизнес орталығынан түтін шыққан. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдай департаментінің Баспасөз қызметі хабарлады.
Өрт сөндірушілері 1-қабаттан 12-қабатқа дейінгі керамогранит астындағы жылытқыштың сыртқы қаптамасы жанғанын анықтады. Өрт сағат 02:18-де сөндірілген. Пиротехниканы қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы салдарынан өрт шыққан. Зардап шеккендер жоқ.