Маңғыстауда шырша өртенді

Маңғыстауда шырша өртенді
Маңғыстау облысында 17 метр жасанды шырша өртеніп кетті. Болжам бойынша, электр сымдарының тұйықталуы салдарынан өрт шыққан. Зардап шеккендер жоқ.
ІІМ ТЖ Комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өртті сөндіруге Маңғыстау облысы ТЖД жеке құрамының бес адамы және бір өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған.
"Сағат 06:10-да Мұнайлы ауданындағы Маңғыстау ауылының орталығында 17 метр жаңа жылдық жасанды шырша өртенді. Өрт 06:25-те сөндірілді", – делінген хабарламада.