Биыл АҚШ-та 211 адам кісі қолынан қаза тапқан

Биыл АҚШ-та 211 адам кісі қолынан қаза тапқан

Биыл АҚШ-та 211 адам кісі қолынан қаза тапқан
ашық дереккөзі
Биылғы жыл АҚШ тарихына жаппай адам өлімі ең көп тіркелген жыл ретінде енбек. Ассошиэйтед пресс агенттігінің, USA Today басылымының және Солтүстік-Шығыс Университетінің зерттеуіне сәйкес, 41 оқиға болып, 211 адам қаза тапқан. Бұл туралы ВВС хабарлады. Жаппай адам өлімі деп шабуыл жасаушылардың жағынан болған адам шығынан қоспағанда, бір оқиғадан төрт не одан да көп адамның көз жұмуын айтады. 2019 жылы АҚШ-тағы жаппай адам өлімі болған оқиғалар: мамырда Вирджинии-Бичта (Вирджиния штатында) 12 адамның және Эль-Пасода тамызда 22 адамның қаза болуы. Зерттеуге сәйкес, жаппай кісі өлтіру оқиғалары Калифорнияда көп болған. Осындай 41 қанды оқиғаның 33-інде атыс қаруы қолданылған. Бұл статистика 2006 жылдан бері құрылып келеді, бірақ зерттеулер 1970 жылдан бері жүргізілуде. «2019 жыл жаппай кісі өлімі ең көп болған жыл болды», - деп жазды Ассошиэйтед пресс. Жаппай адам өлімі саны бойынша 2006 жылы да көп болған, ол кездегі құрбандар саны – 38. «АҚШ-та жаппай адам өлімі саны өсті», - деп атап өтті Миннесотадағы университеттің криминологы мен профессоры Джеймс Денсли. Оның пікірінше, мұндай қылмыстар толқындармен жүріп жатыр, ал кейде оны Америка қоғамында «ашу мен көңілсіздік уақытымен» байланыстыруға болады. Тамыз айында Техас Эль-Пасо және Дейтондағы (Огайо) атыстан кейін АҚШ президенті Дональд Трамп автоматтық винтовкаларды сатуға тыйым салуға ерте деп мәлімдеді. «Бірақ мен, әрине, мәселені көтеремін. Қатаң тексерулер енгізуге сұраныс бар», - деді Трамп. Ол жаппай атысты ұйымдастыратын адамды психикалық ақауымен байланыстырады.