Алматыда 500 донор апаттан зардап шеккендерге қан тапсырды

Алматыда 500 адам Bek Air ұшағы апатынан аман қалған адамдарға қан тапсырды. Бұл туралы қала әкімі мәлімдеді. 

«Қала емханаларының бас дәрігерлерімен кездестім. Әуе апатынан зардап шеккен 49 пациенттің жағдайын білдім. Оның ішінде 9 бала бар. Ауруханаға түскен соң дәрігерлер, психологтар, медқызметкерлер үздіксіз көмек көрсетіп жатыр. 19 ота жасалды»,- деді Бақытжан Сағынтаев Instagram желісіндегі парақшасында.

Оның айтуынша, таңертең жапа шеккендердің жағдайы тұрақталады. Барлығы травматикалық шок жағдайынан шығарылды. Бірқатары жансақтау бөлімінде бөлімшелерге ауыстырылды.

«Алматылықтар бей-жай қарап қалмады. Кеше қалалық қан орталығында 341 донор, республикалық орталықта 149 донор қан тапсырды. Қала тұрғындарына алғыс білдіремін»,- деді әкім.

 

Back to top button